Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осы атаулы датаға орай Қостанай облысында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Әсіресе, еліміздегі сан түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға ерекше көңіл бөлінген. Соның бірі – олардың бай тарихынан сыр шертетін көрмелер.