Ал, Наурызнаманың 10 күндігінің қорытындысы бойынша Қостанай облысында әр аудан, қалаларда, сол сияқты елді мекендерде жаппай сенбілік ұйымдастырылды.
Әулиекөл ауданында ұйымдастырылған атаулы шараға мемлекеттік қызметкерлерден бастап, әлеуметтік сала мамандары, еріктілер қатысты. Жер аяғы кеңіген шақта тазалық шарасы аясында көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, маңай қоқыстан тазартылды.