Ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды мәселелердің бірі - жол инфрақұрылымы болды. Әсіресе Арқалық–Торғай–Ырғыз бағытына тартылатын жаңа жол - жұрт көптен күткен жаңалықтың бірі. Бұл тек көлік қатынасының емес, тұтас өңірдің дамуына серпін беретін маңызды жоба. Қостанайлықтар осындай пікір білдіріп жатыр.