Су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірде 18 гидротехникалық құрылыс жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Ресейдің Челябі және Қорған облыстарымен, «Қазгидромет» мекемесімен және төтенше жағдайлар департаментімен тұрақты ақпарат алмасу жүргізілуде.