Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады. Жеңіс күні мерекесіне орай, «Қостанай» телеарнасы ардагерлер жайында үзік сыр шертетін «Мәңгілік рух» айдарын бастайды. Ерлігі мәңгі өнеге болған батыр аталары мен тылда тынымсыз еңбек еткен әжелері туралы әңгімелерін өздеріңізге олардың немере-шөберелері айтып береді. Алғашқы шығарылымымыздың шымылдығын Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Жазира Кенжебекова түрмек. Айта кетейік, айдарымыз күн сайынғы «Жаңалықтарда» эфирге шығады.