Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін науырзымдықтар да ұлттық нақышта атап өтті. Орталық алаңда 14 киіз үй тігіліп, думанға жиналғандар дастарханнан дәм татты. Дүйім жұртттың делебесін қоздырған спорттық сайыстар мен көпшілік көңілін көтерген концерттік бағдарлама жергілікті тұрғындар мен аудан қонақтары үшін тамаша тарту болды. Тосын сый ретінде эстрада жұлдызы арнайы шақыртылып, тойшыл қауымның қуанышын еселей түсті.