Диқандар көктемгі дала жұмыстарына толық дайын. Алдағы егіс науқанына қатысты мәселелер Қостанай ауданының шаруалары бас қосқан агрофорумда талқыланды. Жиын барысында сала мамандары жер өңдеудегі жаңа технологиялар мен техника түрлерінің дайындығын пысықтады. Агроөндірістегі тың жаңалықтармен фермерлер арнайы көрме арқылы танысуға мүмкіндік алды.