Өңірде жедел медициналық көмек көрсету деңгейі артады. Себебі облыстық санавиацияның қарамағына заманауи тікұшақ берілді. H145 D-3 әуе көлігі арнайы дайындалмаған алаңдарға қонуға қауқарлы. Нәтижесінде шалғай мекенде тұратын науқастарға жедел көмек көрсетіледі.