Шахмат – ой ұшқырлығын, логиканы және стратегиялық ойлауды дамытатын спорт. Бұл зияткерлік ойынға әлемнің түкпір-түкпірінде қызығушылық басым. Қазақстанда да шахмат саласы жылдан жылға дамып келеді. Қостанайда өткен Василий Шалабаевті еске алуға арналған облыстық шахмат турнирі соның бір дәлелі.