Қарасу ауданына қарасты Қарамырза ауылы жыл сайын су тасқынынан зардап шегетін елді мекеннің бірі. Орташа алғанда, су деңгейі 2 метрге дейін көтеріліп, аулалар мен тұрғын үйлерді басып қалатын. Биыл да қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың мүлкін қорғау мақсатында жергілікті билік кешенді шаралар жүргізуде.