«Наурыз достарын шақырады». Облыс орталығында осындай атаумен халықаралық өнер фестивалі өтті. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған ауқымды іс-шараға алыс-жақын шет елдер мен Қазақстанның әр аймағынан 9 би ұжымы қатысты. Достықты дәріптеген өнер фестивалі жайында  толығырақ әріптесім тарқатсын...