Қостанайдағы аспаздарды даярлайтын колледж ұжымы ұлыстың ұлы күніне арнап бауырсақтың сан түрін әзірледі. «Baursak Fest 2025» фестиваліне өңірдің 9 кәсіби білім беретін оқу орны атсалысты. Дәстүр мен жаңашылдықты тоғыстырған шараның мақсаты - қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау.