Міне, көптен күткен наурыз айы келіп, көктемнің лебі есіп, табиғат жаңарып, күн мен түнді теңелткен Жаңа жыл да босағадан аттады. Ұлыстың Ұлы күнін қостанайлықтар орталық алаңда  думандатып атап өтті. Ұлттық ойындар ойнатылып, көпшілік халық әндерін бірге шырқап, би биледі. Еліміздің табыстарын ұлтаралық татулықпен байланыстыратын тобылдықтар халықтар достығын жоғары бағалайтындарын жеткізді.