Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамына санаулы күндер қалды. Мереке қарсаңында Қостанай жылу энергетикалық компаниясы алғаш рет наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті. Түрлі ойындар ойнатылып, сыйлықтар үлестірілді. Жиналғандар жеті түрлі тағам қосып пісірген наурыз көжеден дәм татты.