Облыста ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Төрт-түлікті қауіпті аурулардан қорғау, мал басын тіркеу және өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар шаралар қабылдануда. 2024 жылы облыста аталмыш саланы қаржыландыруға 2,5 миллиард теңге бөлінген.