Нәзік жандыларды құттықтауда қостанайлық шекарашылар да ерекшеленді.
Олар облыс орталығында қоғамдық көліктерге мініп, автобуста отырған апа-әжелер мен қыз-келіншектерге сый-сияпат жасады. Шараға жас шекарашылар клубының мүшелері де жұмылдырылды. Осылайша, аға буын кейінгі толқынға отбасы құндылығының, патриотизмнің нағыз үлгісін көрсете білді.