Қасиетті рамазан айында Қостанай қаласындағы 3 мешіт бірлесіп, «Рамазан сыйы» атты республикалық қайырымдылық акциясына үн қосты. Осы орайда имамдар облыс орталығындағы тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жиынтығын үлестірді.