Қостанайда сирек кездесетін арнольда-киари дертіне шалдыққан 37 жастағы әйел адамға сәтті ота жасалды. Бұл дертпен ауырғанда науқастың мишығы бас сүйегінің мойынмен жалғасатын тесігіне түсіп қысылады.
Салдарынан науқастың өз бетінше жүру - тұруы, жалпы өмір сүру сапасы нашарлайды. Күрделі ота облыстық ауруханада Міндетті медициналық әлеуметтік төлем есебінен тегін жасалды. Қаржылай құны 14 мың АҚШ доллары тұрады. Қазір науқастың жағдайы жақсы. Биылғы 9 айда Қостанай облысында жалпы сомасы 692,5 млн теңгеге 91 жоғары технологиялық операция жасалған.