Қостанайда қараңғы жамылып қылмысқа баратындар қатары жыл санап азайып келеді. Бұл – көшелерде орналасқан бақылау камераларының септігі. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, жыл басынан бейнекамералар көмегімен 123 қылмыс ашылған.