Күз келсе, тұмау да өрши түседі. Осы тұста елімізде тұмауға қарсы екпе егу басталды. Бюджет есебінен халықтың аз қамтылған тобына екпе тегін салынады. Бұл тізімде әсіресе балалар денсаулығы маңызды. Мектептер мен балабақшаларда жасөсіпірмдер денсаулығын қамтамасыз ету үшін алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілуде.