Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу көрсеткіші. Сондықтан да Тәуелсіз Ел атанған алғашқы күннен бастап білім, ғылым саласын әлемдік өркениет талаптарына сай сапалық жағынан жақсарту мақсатын алға қойдық. Бүгінде осы талап биігінен көрініп, елімізде білім, ғылым салалары айрықша даму жолына түсті. Бұл туралы ұстаздар күніне орай өткен салтанатты жиында облыс әкімі айтты. Құмар Ақсақалов саланың үздіктерін марапаттады.