Референдум - Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындайтын кезең. Қостанай қаласының Кск шағын ауданында да бүгінгі таң ерекше атмосферамен басталды.
Бұл мөлтек аудан соңғы жылдары көркейіп келеді. Құрылыс қарқын алып, жаңа үйлер бой түзеп, тірлік қыза түскен. Бүгін мұнда атом электроэнергиясына байланысты өткен референдумға келушілердің де қарасы қалың болды. №32 учаскелік референдум коммиясында 2845 адам тіркелген екен, түске дейін олардың 50% өз таңдауларын жасады. Бұл жерде дауыс берген ең қарт тұрғын 88 жаста.