Қостанай қаласындағы спорттық гимнастика кешенінде ашық чемпионат өтті. Дүбірлі дода спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері Аян Молдағалиевты еске алуға арналды. Сайысқа Астана мен Павлодар қаласынан спортшылар келіп, барлығы 35 гимнастшы қатысты.