Облыс орталығында дәстүрлі Жолда қабылдау акциясы өтті. Шараның басты  мақсаты – тұрғындарға көші-қон заңдары, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алуға қатысты толық ақпарат беру. Екі күнге жалғасқан шара барысында арнайы жасақталған топ жол қауіпсіздігінен бастап, әкімшілік айыппұлдарды төлеуге қатысты азаматтардың барлық сұрақтарына жауап берді.