Қарабалық ауданындағы бірнеше кәсіпті біріктіретін «Алмаз» холдингінің өнімдері бүгінде нарықта үлкен сұранысқа ие. Холдинг ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып, түрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Және, бұнда қызметкерлерді ынталандыру шаралары да ұмыт қалмайды. Бұл жолы аспаздар мен басқа қызметкерлер арасында көңілді сайыс ұйымдастырылды.