Өңірде көлік салығын төлемей, айыппұлдан жалтарып жүрген азаматтарды анықтау мақсатында профилактикалық іс-шара өткізіп жатыр. Мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған рейд жұмыстарына жеке сот орындаушылары мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған.