Сондай-ақ, 37- жазғы спартакиада шеңберінде ат жарысы да өтті. Оны облыстық әкімдік қолдауымен Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіретін бәйге федерациясы ұйымдастырды. Ауданның 8 ауылынан жиналған 20-дан астам шабандоз «Тай бәйге», «Құнан бәйге» және «Аламан бәйге» бойынша бақ сынады.