Қостанай бүгінде тұрақты дамуда. Облыс орталығында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады. Жергілікті кәсіпорындар соңғы 6 айда 734 млрд теңгенің өнімін өндірген. Айта кетейік, облыстың жалпы өндіріс көлемінде шаһардың үлесі 55 пайыздан асады. Инвестициялық жобалардың да әлеуеті жоғары. Бұл жөнінде қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Наталья Тұрлыбекова мәлім етті.