Қостанайда «Нариман» базарының орнына жаңа мектеп салынады. Ол 1200 орынға шақталады деп жоспарланып отыр. Мұндай шешім жыл басында қалалық әкімдік тарапынан қабылданған еді. Сондай-ақ, тағы бірнеше көшелерге қатысты жоспарлау жобасы әзірленді.  Ал бүгін, осы мәселеге қатысты  қоғамдық талқылау өтті.