Рудныйдағы әлеуметтік қызмет орталығының мамандары мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажына жүрдім-бардым қарайды. Дәрі-дәрмекпен уақтылы қамтамасыз етпейді, оңалту бағдарламасының орындалуы сапасыз. Ал арбаға таңылғандардың таза ауаға шығып серуендеуі сергелдеңге салады. Редакциямызға шағымданған Қайрат Бұржақбаев атты азамат осылай деп шағымданды.