Меңдіқара ауданында көп ұзамай бие сүтінен жасалған құрғақ саумал өндіріле бастайды. Бұндай жаңа жоба облыста алғаш рет қолға алынып отыр. Құмар Ақсақалов экономикаға серпін беретін Сүт тауарлы ферманың жұмысымен танысты. Тағы бірқатар нысандарды аралап, импортқа тәуелділікті азайту керектігіне тоқталды.