Қазақстанда бүгіннен бастап шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Осы орайда алғашқылардың бірі болып мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген азаматқа темір тұлпардың тіркеу нөмірі табысталды. Шара барысында сала мамандары заңдастыру бойынша туындаған сауалдарға жауап беріп, ережелерді түсіндірді.