Қазіргі күні облыс орталығында барлығы 20-дан астам аула клубы жұмыс істейді. Солардың бірі - «Болашақ» деп аталатын демалыс алаңы. Мұнда түрлі үйірмелер бар. Ән айтып, би билейсің бе, қолөнер шеберлігімен айналысам дейсін бе, қалағаныңды таңдауға болады. Уақытты да қызықты өткізесіз. Айдана Бекболатова бұл аула клубында алғаш рет бой жазып, ой сергітіп жатқан жоқ. Жазғы демалысын биыл 8- рет осы демалыс алаңында өткізуде.
Баскетбол, футбол тағы басқа да спорт түрлерінен мұнда жарыстар жиі өткізіліп тұрады. Ойын қызығы қас қарайғанша тарқамайды. Тынығу – тегін. Ең бастысы, клуб үй іргесінде. Аула клубының жеткіншектерді қызықтырар тұсы көп. Басты мақсат – балалар мен жасөспірімдердің жаз мезгілінде бос уақытын тиімді өткізу. Сондай-ақ, салауатты өмір салтына үгіттеу дейді, - аула клубының ұйымдастырушы педагогы.
Балалармен күнделікті әрі жүйелі түрде жұмыс істейтін «Болашақ» аула клубының жоспары да жетерлік. Демалыс алаңының жетекшілері сурет студиясын ашып, аулада өзге де шағын спорт алаңқайларын іске қосуды көздейді. Оқушылардың жазғы демалыстарын қызықты өткізу тұрғысында олар облыстағы тарихи- мәдени орындарға баруды да аталған аула клубының негізгі бағдарламасына енгізбекші.