Спектакльде Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстарының жай-күйі көрсетілді. Қойылымға қазақ театрының 12 әртісі қатысты. Қойылым қонағы ретінде қазақтың жібегі Меруерт Өтекешова көрермен қатарынан орын тапты. Спектакль Ақмола іргесінде құрылған саяси лагерге тоғытылған нәзік жандылардың әңгімелеріне негізделген.
Нәзік жандылар айрандай ұйып отырған отбасынан айрылып, зорлық зомбылық көрсе де, болашаққа деген үміттерін жоғалтпаған. Тұсауын кескен қойылымды тамашалауға 100 ден астап көрермен жиналды. Спектакль көпшіліктің көңілінен шықты.
Бүгінде қазақ драма театры Алматы қаласына гастрольдік сапарға аттанып кетті. 10-13наурыз аралығында «Құс жолы», «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы», «Өтелмеген парыз», «Сұлтанның аты-сұлтан» қойылымдары көрермен назарына ұсынбақ.