Жаңа дәуірдің инженерлері. Қостанайда Erasmus және DIARKAZ дуалды бағдарламасы бойынша алғашқы түлектер дипломдарын қорғады. Осыдан төрт жыл бұрын ашылған бұл жоба студенттерге тек сапалы білім беріп қана қоймай, кәсіби ортаға ерте араласуға мүмкіндік жасады. Бағдарлама әлемнің жетекші университеттерімен ынтымақтастықта құрылып, заманауи талаптарға сай мамандар даярлауға бағытталған.