Сапалы жол ең кем дегенде, 15 жылға дейін қолданыста болуы - шарт. Бүгінде Тобыл-Торғай өңіріндегі тас жолдардың жарамдылық мерзімі қандай? Биыл жол құрылысы маусымы басталғалы, «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» 150-ден көп заңбұзушылық анықтаған. Облыста мұндай тексерулер үнемі жүргізіледі.