«Домбырасыз ән қайда, домбырасыз сән қайда?» немесе «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» Бұл – бұрынғының мақалы. Бүгінгінің мақамы – батыстық азан-қазан, даңғыр-дүңгір музыка екенін ешкім де жоққа шығармайды. Шыны керек, домбыра шанағынан төгілген шежірелі күй шетелдік шулы әуеннің тасасында қалып қойып жатыр.  Сондықтан, атадан мирас болған өнеріміздің өрісін кеңейту тұрғысында газет ұжымы боп, осы оң бастаманы қолған алған болатынбыз былтыр дейді баспасөз бетінің бас редакторы.

  Қазіргі тілмен айтқанда, «Домбыра Пати» шарасы - домбырашы жастар ән салып, күй шертіп, жиналған көпшілікке өнер көрсететін қозғалыс. Бұл жерде қазақтың қара өлеңін сағынып жүргендерге арналған ән мен күй тегін. Шартты түрде «Домбыра пати» атауын алған бастаманың басты мақсаты - домбыраны, қазақ өнерін насихаттау. Ұмытыла бастаған ата  дәстүрді қайтадан сәнге айналдыру екенін өзіміздің де, өзге ұлттың өрендері де өте жақсы түсінеді. Сол себептен, жүзеге асатын жиындарға ұдайы белсене ат салысады,

  Қазақтың төл өнерін шынайы бағалай білетін жұртшылық үшін ең құнды дүние – құдіреті қос ішегіне қонған қолдағы қасиетті қара домбыра. Күмбір күйім де, әсем биім де, бозторғайым да, жезтаңдайым да, бұбұл құсым да, тіл білгішім де, қоңыр қазым да ,жүрек сазым да сенсің,  Домбыра! Бабамыздан мирас болған мол мұра.