ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Ол сүтті мал шаруашылығын дамытуға арналған арнайы бағдарламаның жүзеге асу барысымен танысты. Бұл, Солтүстік Қазақстан облысының тиімді тәжірибесін таратуға бағытталған жоба. Бағдарлама 2023 жылы басталған болатын. Осы мақсатта 2023 жылы 65 сүт-тауарлы ферманың құрылысына 100 миллиард теңге бөлінді. Оның 15 миллиарды Қостанай облысындағы алты жобаға бөлінген. Қазіргі таңда үшеуі іске қосылды, қалған үшеуі - аяқталу сатысында.