Облыс әкімдігінде өңір басшысының қытайлық «East hope Group» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы, «Forbes» нұсқасы бойынша Аспан асты елінің ең ықпалды кәсіпкерлерінің бірі - Лю Юнсин мырзамен кездесуі өтті. Бірер күн бұрын Лю Юнсин мырза Премьер-министрі Олжас Бектеновпен келіссөздер жүргізіп, одан кейін Қостанай облысына іскерлік келіссөздерді жалғастыру үшін келді. Негізгі мақсат - аймақ бокситін қайта өңдейтін инвестжобаны жүзеге асыру жолдарын пысықтау.