«Таза Қазақстан» акциясын қала тұрғындары кең көлемде қолдауды жалғастыруда. Жоба аясында Қостанай қаласының экобелсенділері мен табиғат жанашырлары министрлік атынан марапатталды. Іс-шара экология саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген жандарды біріктірді.