Болашақ фельдшерлердің қарым-қабілетін байқау мақсатында Қостанай жоғары медициналық колледжінде «Үздік фельдшер – 2025» байқауы өтті. Кәсіби дода облыстық жедел жәрдем станцисымен бірлесіп ұйымдастырылып, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқитын бітіруші топ студенттеріне білімдерін ортаға салып, біліктілігін тексеруге арналған алаңға айналды.