Негізгі Жаңалықтар Батпаққаралықтар өз таңдауын жасауда

Батпаққаралықтар өз таңдауын жасауда

Облыстың оңтүстік өңірлерінде де сайлау науқаны қызу өтіп жатыр. Амангелді ауданында 27 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Батпаққаралық зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер де белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда

Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте орналасқан №229 сайлау учаскесінде өнерпаздар ән шырқап, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Дауыс беру алаңында жәрмеңке ұйымдастырылып, жергілікті кәсіпкерлер өнімдерін қолжетімді бағамен ұсынды. Ал ауданның құрметті азаматы, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Балтабай Уахитов өз таңдауын жасады. 



Бөлісу

Аймақтық телеарналар