Ұзынкөлдегі аудандық маңызы бар тас жолдың тоқсан пайызы жақсы жағдайда. Ал ауылшілік көрсеткіш 52,7 пайызға жеткен. Бұл туралы аудан әкімі мәлімдеді. Жолдарды жөндеуге бөлінген 800 млн-нан астам қаржыға келешекте 3 ауылда 14 көше ретке келтіріледі. Осылайша елді мекендер аумағандағы жаңғыртылған жол үлесі 57 пайызға дейін артпақ.