Елімізде қоршаған ортаны қорғау мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жыл сайын қарқын алып келеді. Соның айқын дәлелі – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып жатқан игі істер. Бұл жоба тек табиғатты қорғауды ғана емес, сонымен қатар тарихи-мәдени орындарды күтіп ұстауды да көздейді.