Қостанайда жол жөндеу маусымы басталды. Қазіргі таңда кейбір көшелерде бордюрлерді ауыстыру және ескі асфальт қабатын алу жұмыстары жүріп жатыр. Биылғы жазғы маусымда қала әкімдігі жалпы ұзындығы 22 шақырым болатын көшелерге орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр.