Ел Президентінің Ұлттық Құрылтай мінберінде көтерген, қоғамда жаппай кітап оқу мәдениетін қалыптастыру идеясы Қостанай өңірінде «Кітап оқитын ұлт» атты кең ауқымды, келешекке бағдарланған жарқын жобаға айналды. Қорытындысы ұлттық кітап күніне орай жария етілді. Жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.