Қостанайдың көшелерінде жарықтандыру деңгейін жақсарту керек. Себебі, «Айкөмек» ахуалдық орталығына түсетін шағымдардың көбі дәл осы мәселеге қатысты. Апталық жиын барысында қала әкімі 109 желісінің жұмысын талқылап, жауаптыларға бірқатар тапсырма берді. Мәселен, соңғы бір аптаның ішінде «Айкөмек» орталығына мыңнан аса өтініш түскен.