Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында жастардың ел болашағындағы рөліне ерекше тоқталды. Президенттің айтуынша, бүгінгі жастардың күш-қуаты мол, үміті мен сенімі зор, азаматтық сана-сезімі жоғары. Олар елдің ертеңі үшін жауапкершілікті сезініп, Отанның дамуына үлес қосуға дайын. Сондықтан кейінгі буынның ой-пікірімен санасып, олардың қоғамдағы белсенділігін дұрыс арнаға бағыттау маңызды