1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы, сондай-ақ, мемлекеттік жәрдемақылар 10%-ға артты. Бүгінде республикалық бюджет есебінен зейнетақы төлемдерінен бөлек, 33 түрлі жәрдемақы қарастырылған. Қостанай облысында зейнетақы мен әлеуметтік төлем алушылардың саны 200 мыңға жуықтайды. Оның ішінде 142 мыңнан астамы – зейнеткерлер.