Арқалық қаласында 30 жылға жуық уақыт бойы бос тұрған бес қабатты баспана толық қайта жөндеуден өтті. Бұл – осымен шағын шаһарда жаңғыртылған алтыншы нысан. Соның нәтижесінде жүзден астам отбасы жаңа қонысқа қол жеткізді. Ал келесі жылы иесіз қаңырап қалған тағы үш көпқабатты тұрғын үйді ел игілігіне беру жоспарланып отыр.